Ақтөбеде 3 наурызда 39 жастағы Мінәура Макарова он бірінші баласын дүниеге әкелді, деп хабарлады Мad...
Астанада танысын атып өлтірген оқиға жайлы тың мәліметтер жарияланды
Фото: Полиция
Астанада танысын басынан атып өлтірген оқиға жайлы тың мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz КТКтелеканалына сілтеме жасап.
Оқиға күдіктінің үйінде болған. Көршілерінің айтуынша, күдікті 50 жастан асқан отбасылы азамат екен.
«Бала-шағасымен осы үйде тұратын. Жап-жақсы жігіт болған. Ішімдік ішпейтін, жаман әдеті болмаған. Намазын оқып, әрқашан амандасып тұратын. Ал сырттан келген жұмыстасы бірдеңе шегіп келген көрінеді. Нақтысын білмеймін, тергеушілерден естігенім осы», - дейді Оразхан есімді көршісі.
Қайғылы оқиға кешкі сағат бес жарым шамасында болды. Көршісінің айтуынша, күдікті мен марқұм әріптес болған. Екеуі жанжалдасып, ақыры соңында бірі мылтыққа жармасып, басынан дәлдеп атқан дейді. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шұғыл жеткенімен, ол адам бірден жан тапсырды. Қазір әріптестер арасындағы қанды оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.
«Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленді. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, қылмыс таныстар арасында жанжал туындауы барысында жасалған. Ұрыс салдарынан күдікті қайтыс болған адамның басынан атқан. Оқиғаның барлық мән жайларын анықтауға бағытталған тергеп- тексеру жүргізіліп жатыр», - дейді Астана ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.