Түркістан облысында әкесін ұрып соққан ұлына қатысты шыққан үкімді өзгертілді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
192

Апелляциялық саты Түркістан облысының тұрғынына қатысты үкімді қайта қарады. Ол өзінің қарт әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген. Сот прокуратураның шағымын қанағаттандырып, сотталған адамның жаза мерзімін 5 жылдан 6 жылға дейін ұлғайтты, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Соттың баспасөз қызметі редакция тілшісіне хабарлағандай, 31 наурыз күні апелляциялық саты жазаны қатаңдату туралы прокуратураның шағымын қанағаттандырған. Сот бұрын тағайындалған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын жеткіліксіз деп танып, оны 6 жылға дейін күшейтті.

«Оның жаза мерзімі ұлғайтылды. Бес жылдың орнына алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Прокуратура жазаны қатаңдату туралы өтініш білдіріп, ол қанағаттандырылды. Айып тағылған баптар өзгеріссіз қалды («Азаптау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру»), алайда жаза мерзімі ұлғайтылды», – деп түсіндірді сотта.

Сотта ер адамның әрекеттері ауыр және қоғамға қауіпті қылмыстар санатына жататыны атап өтілді. Сот алқасы сотталған адамның ерекше қатыгездікпен әрекет еткенін анықтаған.

«Анықталғандай, С. өз әкесінің дәрменсіз жағдайын толық пайдаланып, оған жүйелі түрде күш қолданып, азаптаған. Ол әдейі әкесіне физикалық және психикалық азап келтіріп, ерекше қатыгездік танытқан. Сонымен қатар, әкесі қайтыс болғаннан кейін бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарламай, бірден оны жерлеу шараларын ұйымдастырған. Осы мән-жайлар үкімді қатаңдатуға негіз болды», – деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бастапқы мәліметтерде аталған сотталғанның жұбайына қатысты қылмыстық қудалау тергеу кезеңінде-ақ тоқтатылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қытайлық Чжу Цзиньэрді жеңіп, үміткерлер турнирінде бірінші...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі 2026 жылғы 2–4 сәуір аралығына арналған Қаз...