Жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларына Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материал...
Жоспарлы ота қайғылы аяқталды: Атырауда 16 жастағы қыз көз жұмды
коллаж MadeniPortal.kz
Әлеуметтік желіде Атырау облыстық балалар ауруханасында 16 жастағы Жаркен Айжанның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Жазба авторлары жасөспірімнің ауруханаға өз аяғымен жоспарлы операция жасатуға келгенін айтады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Тараған мәліметке сәйкес, қызға жоспарлы хирургиялық ота жасалуы тиіс болған. Алайда оның жағдайы күрт нашарлап, кейін көз жұмғаны айтылуда.
Марқұмның жақындары мен оқиға туралы жазба таратқан азаматтар қайғылы жағдайға медицина қызметкерлерінің әрекеті себеп болуы мүмкін деп күмән келтіріп, істің жан-жақты тексерілуін талап етіп отыр.
Алайда қазіргі уақытта дәрігерлердің кінәсі немесе медициналық қателік болғаны туралы ресми қорытынды жарияланған жоқ. Сондай-ақ қызға нақты қандай операция жасалғаны, оның жағдайы қашан және қандай себеппен нашарлағаны жөнінде расталған толық ақпарат әзірге жоқ.
Оқиғаға қатысты Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мен басқа да құзырлы органдардың ресми түсініктемесі қажет.