"Анама дұрыс тамақ бермеді": Ер адам келінін атып тастады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1668

Таиландта 42 жастағы Арсия есімді ер адам келініне оқ жаудырған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл әрекетке ол келінінің 77 жастағы қарт анасын дұрыс тамақтандырмады деген себеппен барған, деп жазды World of Buzz.

БАҚ дерегінше, бастапқыда күдікті бұл оқиғаға қатысы жоғын айтқан. Алайда кейін ашуға булығып, келінінің анасына үнемі тек омлет қана дайындайтынына наразы болғанын мойындаған. Ол қарт анасының тамақ талғамын елемеді деп ашуланған.

Алайда зейнеткер әйел өзі жұмсақ тағамдарды, соның ішінде омлетті жақсы көретінін және ащы тамақтарды жей алмайтынын айтты. Сондай-ақ Ниттайя әртүрлі тағам әзірлеуге тырысқанын да жеткізді. Бұл жайттан бөлек тұратын Арсия хабарсыз болған.

Қылмыс кезінде күдіктінің мас күйде болғаны анықталған. Қазір ол полицияға тапсырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...