Түркістан облысында оқушы дене шынықтыру сабағынан кейін көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1063

Шардарада мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін көз жұмды. Түркістан облыстық Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Telegram желісіндегі Jagdai арнасының хабарлауынша, сыртта өткен денешынықтыру сабағында 11 жастағы бала стадион қоршауына шығып, аяғы тайып кетіп, ағашқа құлаған.

"Алғашында жарақаттар жеңіл болып көрінгенімен, дәрігерлер баланың қуығы зақымданғанын анықтады. Операциядан кейін баланың жүрегі тоқтап қалды", - делінген жазбада.

"Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті шараларды қолданып жатыр. Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша заңдық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...