Түркістан облысында Өзбекстан азаматы 8-сынып оқушысын зорлап жүкті қылды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2033

Түркістан облысында Өзбекстан азаматы 8-сынып оқушысын зорлап жүкті қылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

31 арна хабарлауынша, сұмдық жағдай Түркістан облысы Келес ауданында болған. 14 жастағы қыздың зорлық көріп, жүкті болғанын әуелде ешкім білмеген. Анасы қызының денесіндегі өзгерістерді байқап, ауруханаға алып барған кезде оның жүкті екенін білген. Анасы дереу полицияға арыз жазыпты. Қазіргі таңда қыздың көршісінің үйіне келіп жүрген 37 жастағы ер адам ұсталды. Ол әпкесінің үйіне келіп қара жұмыс жасап, күн көреді екен. Ауыл тұрғындары ер адамның екі баласы барын айтты. 

Жәбірленуші қыз ішінде бала біткенін ешкімге айтпаған. Мүмкін өзі де түсінбеген. Тіпті мектепке де барып жүрген. Аудандық білім бөлімінің өкілдері жәбір көрген оқушы қыздың бақылауға алынғанын айтты. Қазір қызға дағдарыс орталығының мамандары көмек көрсетіп жатыр екен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Азамат Сатыбалды Президенттің жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды,...