Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өтетін «Қайрат» – «Ре...
Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті
Фото: әлеуметтік желіден
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов жаттығу кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оның мәліметінше, боксшының омыртқасына зақым келген. Осыған байланысты Сәкен Бибосынов 29 қазанда Таразда басталатын бокстан Қазақстан чемпионатына қатыспайды.
"Өкінішке қарай, кеше жаттығу барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Омыртқасына зақым келді. Тезірек сауығып кетуін тілейміз", – деп жазды Аслан Қаженов.
Журналист алдағы ел чемпионатына қатысты да бірқатар мәліметті бөлісті. Оның айтуынша, Азия ойындарында жүлдеге іліккен Махмұд, Төрехан Сабырхандар және Айбек Оралбай турнирге қатыспайды. Нұрбек Оралбай да үзіліс алған. Оның себебі спортшы алдыңғы кездесуінде жарақат алып қалған.
Қыздар құрамасынан Алуа мен Наталья шаршы алаңға шықпайды.
"Сол жерде өз мықтылығын дәлелдегендер ғана ұлттық құрамаға алынады. Өте қызықты әрі тартысты жекпе-жектер күтіп тұр", – деп жазды ол.
Айтып өтейік, бокстан Қазақстан чемпионаты 29 қазанда Тараз қаласында басталады.