Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының қайын атасы еңбек жұмысынан алыс емес екенін көрсет...
“40-қа келген, болады”: Дариға Бадықованың «қалың малы» қызу талқыға түсті
Фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың құдалығынан видеолар тарап, актрисаға қанша қалың мал берілгені белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Олжас Дариғаға арнайы құда түсіп келіп, сырға салған. Екі жас Алматыда туыстардың ортасында, шағын көлемде атап өткен. Одан бөлек, өнер иелерінің қуанышында басқа да шоу-биснес өкілдері бой көрсеткен.
Сондай-ақ құдалар қалың малды да қоса ала келген. Дариғаның қалың малына 10 мың доллар берілді.
Алайда желі қолданушылары Дариға үшін бұл сомманың аз екенін жазуда. Енді бірі екінші рет тұрмысқа шығып жатқан адамға жеткілікті деген ойларын бөлісуде.
"Арзанға кетіпті", "10 мың доллар деген аз ғой", "40-қа келгенде екінші рет тиіп жатыр болады", "Бастысы екі жас бақытты болсын", "Қалыңсыз қыз болмайды деп бергендері ғой", - деп жазды оқырмандар.