Үкім заңды күшіне енген жоқ Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты парақорлық жасағаны үшін аудан әкі...
Бұл Америка емес, Шарын шатқалы: ВВС арнасы Жетісу туралы ролик түсірді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы Жетісу жері көркем табиғатын әлемге танытты.
Облыстық ішкі саясат басқармасы әлемге әйгілі ВВС телекомпаниясымен бірлесіп Жетісу жерінің көркем табиғатын тарихымен байланыстырып бейнеролик түсірді.
Видеоны жер шарының 571 миллионнан астам көрермені тамашалады . «Бұл бейнероликті «МИР ТВ» телеарнасы ротациялағандығы, оны 150 миллион көрермен көргендігі белгілі болды. Қазіргі уақытта «Жетісу» бейнеролигі ТМД елдерін кеңінен қамтуда», – деді Алматы облысы бойынша «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі ЖШС-ның директоры Дана Дүйсенова.
Жетісудың сұлу табиғатын, ұлттық саябағын, мұражайлары мен тарихи жерлерін туристерге тереңірек насихаттау мақсатында «Жетісу-360» жобасы да қолға алынды.
Кез-келген адам арнайы мобильді қосымша және сайт арқылы Алматы облысына виртуалды түрде саяхат жасай алады.
Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бастау алған 2 жыл ішінде Алматы облысында 642 жоба нақты жүзеге асқан.
Оның ішінде 319 жоба 2017 жылы орындалса, 2018 жылы 323 жоба жемісін беріпті. Осындай жобаларды жүзеге асырып жатқан Алматы облысының биылғы жылға да жоспары ауқымды.
«Жетісу Жібек жолының бастауы» атты жастар экспедициясы, «Жаһандағы Заманауи Қазақстандық мәдениетті ілгерілету» тақырыбында I халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Тамыры терең әліпби» антологиялық жинағын шығару; «Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы» жобасы, «Көшпенділер тарихи қолөнері» фестивалі, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасына жататын облыс нысандарына экспедиция, «Жетісу – інжу-маржан» атты дәстүрлі әндер мен күйлердің анталогиясы жинағын шығару, «Sport fest» Олимпиадалық спорт түрлерінен фестиваль және тағы да басқа жобалар.
Бекітілген жобалар мен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылдың І тоқсанында облыс бойынша 20 мыңнан астам адамның қатысуымен 19 жоба мен 257 іс-шаралар ұйымдастырылды. 2019 жылдың сәуір айынан бастап Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен «Жаңа әліпбиде жазып үйренейік» онлайн-сабақ жобасы басталды. 20 минуттық онлайн-сабаққа 100-ден аса тыңдаушы қатысқаны белгілі болды. Алдағы уақытта вебинарды аптасына 3-5 рет өткізу жоспарланып отыр», – деді Дана Дүйсенова.
Сонымен қатар маманның айтуынша, 2-4 мамыр күндері қазақ-қырғыз бауырластығын, мәдениет пен әдебиет, ғылым және өзге де салалар бойынша байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсатында «Ұлы даланың мәңгілік мирасы – Манас» тақырыбында қырғыз-қазақ зиялыларының III форумы ұйымдастырылады. Шараға шамамен 500-ге жуық шетел қонақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.
BBC Worldwide коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин өзінің Фейсбуктегі парақшасында: Өткен жылдың жаз айларында біз Қазақстанның Алматы облысында бірден бірнеше жобаларды түсірдік. Ондағы қоршаған ортаның көркемдігін бәрімен бөліскіміз келді.
Алматы облысы жайлы өз көзімізбен көріп, аяғымызбен басқан жазық дала, ертегідегідей таулар, керемет көлдер мен тынысыңды кеңітетін таудан аққан тасқын сулар жайлы бүкіл әлемге көрсетілетін жарнамалық ролик түсірілімін аяқтағанымызға қуаныштымын…», – деген пікір білдірді.
Дереккөз: ҚазАқпарат