Ақтауда болған AZAL ұшағының апаты бойынша ресейлік құжаттар тәркіленеді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1458

Мәскеудің Басман соты 2024 жылдың желтоқсан айында Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауы бойынша тергеу барысында Ресейдің оңтүстігіндегі екі мекенжайдан құжаттарды тәркілеуге рұқсат берді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ

Бұл туралы РИА Новости сот құжаттарына сілтеме жасап хабарлаған.

Биылғы жылдың қаңтар айында тергеуші құжаттарды тәркілеуді сұраған, ал прокурор оны қолдаған.

Іс материалдарын тексерген сот инстанциясы өтінішті негізді деп тапты. Сот құжаттарды тәркілеуге рұқсат беріп, шешім күшіне енді.

Еске салайық, трагедия 2024 жылдың 25 желтоқсанында болған еді. Ұшақта 67 адам болған, олардың 38-і қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ апаты физикалық және техникалық сыртқы әсерден болған.

Қазақстанның көлік министрлігі трагедиядан кейін 41 күн өткен соң 2025жылдың 4 ақпанында апат туралы алдын ала есепті жариялады, Қазақстан билігі AZAL ұшағының апатының себебін анықтау жөніндегі соңғы есепті 2025 жылдың желтоқсанына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Талғат Ластаев халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сәйкес тергеуге бір жыл уақыт бөлінетінін нақтылады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...