Түркістан облысындағы 16 жастағы зорланған қыз қайтыс болды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1249

Түркістан облысы Төрткүл ауылында 16 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жабық түрде өтеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Іс «Адам өлтіру», «Зорлау» және «Зорлықпен жасалған сексуалдық сипаттағы әрекеттер» баптары бойынша қозғалған.

Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Заманбек Исмаил otyrar.kz аймақтық порталына хабарлағандай, сот Қылмыстық-процестік кодекстің 29-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот процесін жабық түрде өткізуді қажет деп тапты.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылдың 5-інен 6-маусымға қараған түні орын алған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қыз үй жанындағы дүкеннен шығып, үйіне қарай бет алған кезде жоғалып кеткен. Туыстары мен ауылдастары полициямен бірге оны түні бойы іздеген, алайда таңертең оның денесі жол жиегіндегі балабақша қоршауының жанынан табылған.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...