Демалыс күндері қай өңір 0 градусқа дейін суық болады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1155

Синоптиктер 13-15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. 

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

13-14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында, 14 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аудандарында, 15 қыркүйекте Маңғыстау облысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, республиканың оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Синоптиктердің болжамынша, кей өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Мысалы:

  • елдің шығысында түнде 0-9°C, күндіз 10-22°C;
  • елдің оңтүстігінде түнде 10-16°C, күндіз 17-28°C;
  • орталықта түнде 1-9°C, күндіз 12-20°C жылы болады.

Солтүстікте, солтүстік-батыста күндіз ауа температурасының 12-19°C-қа дейін көтерілуі күтіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...