Дүкен жарылысынан 22 адам ажал құшты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1512

Мексикада дүкен жарылып, 22 адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тағы 12 адам түрлі дәрежедегі күйік жарақаттарымен ауруханағажеткізілген.

 Жарылыстан кейін өрт тұтанған. Өрт сөндірушілердің айтуынша,тілсіз жау дүкеннің кіреберісінде басталып, көптеген сатып алушылар іште қалыпқойған. Құтқарушылар өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол бермеген.

Сонора штатының билігі оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеубастады. Негізгі нұсқалардың қатарында — техникалық ақау мен жеңіл тұтанатын материалдардың болуы қарастырылып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...