Ақмола облысында ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті

Фото: әлеумертік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
862

Жол апаты Екатеринбург-Алматы тас жолының 1300-шақырымында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, Астанаға бағыт алған DAF жүк көлігінің жүргізушісі тайғақ жолда көлікті тізгіндей алмай, қиғаш тосқауылға соғылған.

«Мұзды жолда көлікті тізгіндей алмай, артынан келе жатқан Chevrolet Cobalt және Toyota Highlander көліктері жүк көлігімен соқтығысқан. Сонымен қатар Kia K5 жүргізушісі де апатты байқап, көлікті тежеуге тырысқанымен тосқауылға соғылған», — делінген полиция хабарламасында.

Апат салдарынан көліктердің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...