Полицейдің өлімі: күдікті жасөспірімдер туралы тың дерек шықты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2235

Алматы облысында полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің өліміне қатысты іс бойынша күдікке ілінген кәмелетке толмағандарға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Сот шешімімен олар үйқамаққа алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жасөспірімдердің адвокаттары Гауһар Сарыева мен Динара Шәмшекованың айтуынша, Кеген аудандық сотының тергеу судьясы күдіктілерді тергеу изоляторына қамаудан бас тартып, оларға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған.

Жақын күндері оларға электронды білезік тағылып, бейнебақылау жүйесі орнатылады.

Адвокаттардың сөзінше, сот отырысы барысында қорғау тарапы тергеу аясында мұқият тексерілуге тиіс жайттарға назар аударған.

– Балалардың ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық пен қатыгездік жағдайында өмір сүрген болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Олар тек куәгер емес, өздері де сондай әрекеттердің құрбаны болған болуы ықтимал. Біз мұны дәлелденген факт ретінде айтып отырған жоқпыз, сондықтан бұл деректердің барлығы тергеу барысында жан-жақты тексерілуі қажет, – деді адвокаттар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық актриса, продюсер әрі режиссер Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты көпшілік біле бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция «Айша» сауда орталығында жаңа бутиктің ашылуы кезінде болған жаппай кептеліске қ...