Фото: АқордаПрезидент жаңа тағайындалған Премьер-Министр Олжас Абайұлы Бектеновті жаңа лауазымымен қ...
Қайын жұртын қырған Сәрсемәлиев сотта алғаш рет тіл қатты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр
367
Атырауда әйелінің әке-шешесі мен бауырларын өлтірді деген күдікпен қамалған Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты басталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол судьяның сұрақтарына жауап беріп, өз өмірі туралы айтып берді.
Оның айтуынша, ол Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеге келген, орта білімі бар және еш жерде тұрақты жұмыс істемеген.
– Мен Махамбет ауданында туғанмын, білімім – орта. Тұрақты жұмысым болған жоқ. 2022 жылдың қыркүйегінде ресми түрде ажырастым, бес балам бар. Әскерде қызмет еттім, – деді ол сотта.
Сәрсемәлиевке екі және одан да көп адамды өлтірумен қатар, ұрлық және алаяқтық баптары бойынша да айып тағылған. Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр.