Түркістанда жасөспірім 2-сынып оқушысын жантүршігерлік жағдайда зорлады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
5527

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында 8-сынып оқушысының 2-сыныпта оқитын қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ «Адырна» сайтына сілтеме жасап.

Facebook қолданушысы Нұрсұлтан Тошаевтың айтуынша, оқиға 7 маусым күні болған.

«Өткен аптада 8-сыныптың оқушысы 2-сыныпта оқитын қыз баланы Сүңгі өзенінің жағалауына апарып зорлап, намысына тиген деген дерек шықты. Қазір қылмыстық іске сараптама жасалып, қорытындысы шықты деген ақпарат бар»,—деді ол.

Түркістан облысының полиция департаменті зорлық оқиғасы бойынша күдікті ретінде кәмелетке толмаған бала ұсталғанын мәлімдеді.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір полиция барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел тергеу іс-шараларын жалғастырып жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында»,—деді ПД баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...