«Қаралы сәтте халықпен бірге болу керек еді»: Айгүл Орынбек билікті сынға алды

Коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
185

Маңғыстауда әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айту шараларына байланысты заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол қаралы хабарды жеткізу кезінде мемлекеттік органдар өкілдерінің марқұмдардың ата-аналарымен және жақындарымен тікелей байланыста болуы маңызды екенін атап өтті.

«Ұйымдастырушылық қайда? Халықпен қалай сөйлесуді, қаралы сәтте елмен бірге болуды білмейтін басшылардан не күтеміз?» – деп жазды заңгер.

Айгүл Орынбек Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың да қайғыға ортақтасқан халықтың арасында болғанын көргісі келгенін айтты. Оның сөзінше, ең ауыр сәтте қаза болған әскери қызметшілердің ата-аналары өз қайғысымен жалғыз қалмауы керек.

Заңгер қаралы отбасыларға материалдық көмек көрсетудің маңызын жоққа шығармай, ақшаның жақынын жоғалтқан адамның қайғысын баса алмайтынын атап өтті.

«Миллиондап ақша құйсаңдар да, туған баланың, туған бауырдың орнын ешқандай ақша баса алмайды. Қаралы хабар – жай ғана хабар емес. Оның артында бір әулеттің тағдыры, ата-ананың жүрегі, бауырдың қайғысы тұр», – деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каспийдегі оқиғадан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті, деп хабарлайды MadeniP...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Презид...