Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам ажал құшты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2767

Қарағанды облысында «Альфард» аударылып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қайғылы оқиға бүгін, 15 қараша күні сағат 10: 00 шамасында  «Қарағанды-Балқаш» бағытындағы жолдың бойында Құрма ауылынан екі шақырым жерде болған.

Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, апатқа көктайғақ себеп болуы мүмкін. 54 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай «Тойота Альфард» көлігі аударылып қалған.

Сол жерде жүргізуші мен 6 жолаушы көз жұмған. Оның екеуі бала. 12 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.

Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...