“Иттің ыдысына тамақ құйған": Күйеуі мен енесі 25 жастағы келіншек пен 5 айлық баланы айлар бойы қорада ұстаған

Фото: Zamon.uz

ЖАҢАЛЫҚТАР
4695

Күйеуі мен енесі 25 жастағы келіншек пен 5 айлық баланы айлар бойы қорада ұстаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Сұмдық жағдай Өзбекстанда болды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ер адам жасырын үйленеді. Ауылдастары келінді көрейін десе, енесі ыңғай білдірмейді.  Қалаға оқуға кеткен деп құтылып, бір жыл жасырып жүреді.

Келіншек босанғаннан кейін нәрестесімен қосып қораға қамайды. Көршілері есік алдында кішкентай сәбидің киімдерін көріп күдіктеніп, полиция шақырады.

Полицейлер тінту нәтижесінде қорадан 25 жастағы келіншек пен оның 5 айлық баласын табады.

Қазіргі таңда әйелін қамап ұстаған ер адам, оның анасы мен 3 қарындасы қамауға алынды.

Алдын ала мәләмет бойынша, келіншектің ата-анасы жоқ, нағашыларының қолында өскен. Қыз тұрмысқа шыққан соң нағашылары хат-хабар алмай, ізім-ғайып жоғалыпты.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...