“Тыныш отырған баланы бассалып ұрып, шыңғырып жатқан”. Заңгер Ләззат Ахатова атышулы ажырасуға қатысты тың ақпараттарды айтты

Фото: ИИ/Шедеврум

Жаңалықтар
566

Заңгер Ләззат Ахатова Асхат Садырбайға қатысты мәселе бойынша тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Заңгер Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде журналист Асхат Садырбайға қатысты дау жөнінде пікір білдірген. Ол жазбасында бұл іспен қашанннан бастап айналысқанын, журналистің бұрыңғы әйелі Айғанымның әрекеттері жөнінде ашып жазған. 

"Бірінде тып-тыныш отырған баланы бассалып, ұрып, шыңғырып жатқан, екінші видеода енесінің құлағындағы сырғаны жұлып алып, құлағын жырып, қан саулап жатқан, егде әйелдің аяғын теуіп жатқан, ас үйде өзінен -өзі пышақты столға ұрып, кеселерді, ыдыстарды қиратып жатқан жас әйелді көргенде, судьяның өзі басын шайқап, селк ете қалғаны есімде..Мен куә болған көріністер сондай еді". 

Заңгер қазір тарап кеткен видеоүндеуге қатысты да ойын жаза ктекен. Ләззат Ахатова ол отбасымен жақын араласпағанын, сотта Айғанымның ұрып-соққанға шыдап, үндемей отыратын әйелге ұқсамағанын айтқан. 

"Одан басқа қазір айтып жатқандай, күйеуінің қорлап, ұрған видеоларды екінші тарап сотқа ұсынған жоқ еді. Мен ол отбасымен араласқан жоқпын, көзіммен көрмегесін, не болғанын білмеймін. Мүмкін Асхат мырза тек әйелі бар видеоларды ұсынған шығар, ол жағынан бейхабармын. Көзін ағызып жібере жаздағаны рас болса, Айғаным ханым үндемей, көніп отыратын момын адамға мүлде ұқсамап еді) Сонша жыл өткенде, өтіп кеткен нәрсені қопсытып отырғаны түсініксіздеу боп тұр", - деп жазған заңгер. 

Айта кетейік, Ләззат Ахатова Асхат Садырбайдың баласының денсаулығында ақау бар екенін, емін уақытылы алып тұруы үшін 1 ай анасында, 1 ай баланың өзінің жанында болуын сұрап байланысқа шыққанын жазған. 

"2020 жылы бір таныстарым арқылы Асхат Садырбай шығып, жақында әйелімен ажырасқанын, ал ол ұлын көрсетпей, Жамбыл облысына алып кеткенін, ұлының денсаулығында ақау барын, жүйелі түрде дәрігерлердің бақылауында болып, ем қабылдап тұру керегін, емі үзіліп қалмауы үшін бір ай әкесінде, бір ай анасында болғанын қалайтынын айтып, құқықтық кеңес сұрады", - дейді Ләззат Ахатова.