Бибігүл Төлегенова 96 жасқа келді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1312

КСРО және ҚР халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Ахметқызы Төлегенова 96 жасқа толды,  деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Өнер саңлағы Семей қаласының тумасы. Алматы мемлекеттік консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.

Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1951-1971 жылдары Қазақ радиосының, Қазақ мемлекеттік филармониясының әнші-солисі, 1971-1979 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі, 1979 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы вокал кафедрасының профессоры болды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 7-9-шақырылымдарының депутаты.

Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. Астана қаласының құрметті азаматы. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...