Үйінен шыға алмай қалды: Белгілі актриса тірідей жанып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2767

Белгілі актриса өз үйінде өртке оранды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Лос-Анджелесте  болып жатқан өрттен Голливудтың атақты актрисасы Делис Карри қаза болды. Актрисаның 95 жаста екені белгілі болды. Ол өз үйінде өртке оранып, тірідей жанып кеткен. Марқұмның сүйегі өрттен кейін бірнеше күннен соң табылды. Актриса “Он өсиет”, “Ағайынды блюз”, “Леди блюз әнін айтады” және басқа да фильмдерде ойнаған.

Еске сала кетсек, 7 қаңтарда Лос-Анджелес аймағында басталған орман өрті штат тарихындағы ең ірі өрт болып саналады. Жергілікті биліктің мәліметінше, өрттің жалпы ауданы 16 мың гектардан асты. Кемінде 24 адам қаза тауып, 12 300-ден астам ғимарат, оның ішінде атақты адамдардың үйлері жермен жексен болды. Метеорологтар өрттің тез таралуына құрғақ және желді ауа райы себеп болғанын айтып жатыр.

Сонымен қатар Лос-Анджлестегі өрт кезінде із-түссіз жоғалып кеткендерді іздеуге арнайы үйіретілген иттер қолданылғалы жатыр. Қаладағы 90 мыңнан астам адамға көшуге бұйрық берілді. Өйткені жылдамдығы сағатына 75 метрге жетуі мүмкін «Санта-Ана» сұрапыл желі соғады деген болжам бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...