Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында еліміздегі ЖОО-дарындағы білім құны турал...
Меруерт Түсіпбаева: Парламентте әртістер, спортшылар мен блогерлер болмауы керек
Ашық дереккөз
Әнші Меруерт Түсіпбаева шығармашылық мамандық иелері мен блогерлердің Парламентте болуына қарсы екенін айтып, депутаттық мандатты тек кәсіби мамандар иеленуі тиіс деген пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Өнер иесінің айтуынша, заң шығарушы органда Конституцияның әрбір бабын терең талдап, саралай алатын қаржыгерлер, экономистер мен заңгерлер жұмыс істеуі керек. Ол Парламентте өнер адамдарының, спортшылардың және кейбір блогерлердің отырғанын түсінбейтінін жеткізді.
«Парламентте әншілер, бишілер, күйшілер, спортшылар, блогер-млогерлер болмауы керек. Онда Конституцияның әрбір бабын зерттей алатын қаржыгерлер, экономистер мен заңгерлер отыруы тиіс. Мен әртістердің онда не үшін отырғанын, неге келгенін түсінбеймін. Өйткені мен әртістердің, спортшылардың және кейбір блогерлердің IQ деңгейін білемін. Байқауымша, олардың IQ деңгейі төмен. Екі ауыз сөздің басын құрай алмайтын адамдар онда не істеп жүр?» — деді Меруерт Түсіпбаева журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында.