Үйқамақта отырған полицейге «зорлық жасады» деген айып тағылды

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1554

Ақтөбеде пара алғаны үшін үйқамаққа жіберілген полицейдің үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Енді үйқамақта жүрген оған бұрынғы қызын зорлады деген айып тағылды. 

Бірақ ол қадағалау құрылғысын шешіп алып, үйінде қалдырып, бұрынғы сүйген қызының үйіне барған. Кездесуден соң қыз зорлық көргенін мәлімдеді. Бұл деректі полиция растады. Алға аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір полицей уақытша ұстау изоляторында отыр.

«Бұл оқиға бойынша Алға аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлімдеді полиция басқармасы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...