Айтыскер Балғынбек Имашев пен ұлы бір топ адамды тақырға отырғызды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1983

Айтыскер Балғынбек Имашевтың ұлынан қажылыққа жолдама сатып алдық деген тағы 40 адам полиция басқармасына барып шу шығарды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айында Данияр Имашев алаяқтық фактісі бойынша тергеуге алынған еді. Ол «Qazaq Travel» компаниясының атқарушы директоры болып, Мәдина мен Меккеге 50 шақты адамды жібере алмай қалған. Қажылығы мен қаражатынан қағылған бір топ адам полицияға арыз жазды. Бұл іс аясында үш адам күдікті деп танылған, олардың қатарында компанияның бұрынғы атқарушы директоры Данияр Имашев та бар.

Енді еліміздің түкпір-түкпірінен келген тағы 40 шақты адам қаражатын қайтара алмай жүр. Олар полиция бөлімшесіне барып, тергеудің қалай жүріп жатқаны туралы сұрастырды.

19 сәуірде ұшуым керек еді. Бірақ сол уақыттан бері ұшпадық және ақшамыз да қайтарылмады. Ең бірінші жұмаға дейін қайтарамыз деді. Кейін Құрбан айтқа дейін қайтарамыз деп уәде берді. Директоры Имашов Даниян деген жігіт», - дейді жәбірленуші Берік Маржанов.

Қажылыққа барамыз деп ниет еткендердің әрқайсысы 500 мың теңгеден төлеген. Сан соғып қалғандар Балғынбек Имашевтың жарнамасына алдандық деп отыр. Енді айтыскер де, ұлы да байланысқа шықпай отырған көрінеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...