Елімізде қанша АЭС салынады? — Тоқаев жауап берді

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2766

Президенттің мәліметінше Қазақстанда үш атом электр станциясы салынады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Президент «Ana tili» газетіне берген сұхбатында айтты.

«Биыл конкурстық рәсімдер өткізіледі. Содан кейін Үкімет түпкілікті шешім қабылдайды. Қазақстанға қуатты атом стансасы қажет екені анық, мен бұған сенімдімін. Оған қоса, таяу арада екінші, тіпті үшінші атом электр стансасын салуымыз мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Ядролық өнеркәсіп саласы қазірдің өзінде энергетика тапшылығына тап болып отырған экономикамызды өркендетуге зор серпін береді. Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналуы қажет деп санаймын. Оның болашағы зор», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының тұрғыны дүкеннен сатып алған гранат шырынының ішінен кіші дәретке ұқсас сұйықтық ан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында 14 жастағы Асылбек Рахманқұлов қатарластарымен болған жанжалдан кейін жансақтау бөл...