Шымкентте ломбардқа басып кірген қылмыскерді 18 жастағы жігіт тоқттатты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2418

Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесінде орналасқан ломбардтардын бірінде бетіне медициналық маска киіп алған белгісіз тұлға қолына тапаншаға ұқсас затпен ломбард қызметкерлерін қорқытып 100 мың теңге қаражат талап еткен, деп хабарлайды madeniportal.kz қалалық ПД сілтеме жасап.

Ломбард ішінде тұрған 18 жастағы жігіт қылмыстын алдын алу мақсатында құқықбұзушыны тәртіп сақшылар келгенше ұстап алған.

«Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп құқықбұзушыны тұтқындаған. Аудандық полиция басқармасының бастығы Тілеуов Нұржан өз кезегінде жас жігіттің танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады», - делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...