Ұлттық араздықты қоздырғаны үшін танымал әнші ұсталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2585

Қырғызстанның Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікпен әнші Қайрат Примбердиев ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

"Нәсілдік, этникалық, ұлттық және діни араздықты қоздыру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша 1985 жылы туған Қырғызстан азаматы анықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, әнші YouTube-арналарының бірінде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған.

Әншіге қатысты “елден кетпеу туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

"Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. МҰҚК Қырғызстан заңнамасына сәйкес нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңірлік араздықты қоздыру әрекеттері үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді", – деп хабарлады ведомство.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...