Сарапшы Тахир Халимназаров Нүкенованың өліміне қатысты тың дерек айтты

Фото: Видеодан алынған кадр

Жаңалықтар
583

Тахир Халимназаров Айран YouTube арнасында Салтанат Нүкенонваның сот-медициналық сараптамасы туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Тахир Халимназаров Қуандық Бишімбаевтың атышулы сотынан танылған сот-медициналық сарапшы. Ол сараптама қорытындысын жасайтын кезде Бишімбаев тарапынан қорқытулар болмағанын айтты.

“Ол білесіздер, бүкіл халықтың назарын аударған сот болды. Тергеу барысында біздің аты-жөніміз жазылып тұрады. Сол жазылып тұрған сарапшыға басқа жақтан шығу мүмкін емес. Ол өздері үшін қауіпті болатын еді”, - деп жауап берді сарапшы.

Тахир Халимназаровтың айтуынша Салтанат Нүкенованың қазасы алдын ала белгілі болған.

“Нүкенованың қазасы соққыдан екені белгілі еді. Біз одан да жаман жағдайларды көргенбіз, өкінішке орай әлі көріп келеміз. Шошып кететін ештеңе болмады. Осынша жыл жұмыс істеп жатырмыз. Бірнеше рет бұндай жағдайға тап келдік”, - деді сарапшы.

Аймақтар

Қарқаралы ауданының Томар ауылында өрт салдарынан жергілікті мешіт толығымен жанып кетті, деп хабарл...

Спорт

Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов бесінші баласын перзентханадан шығарды, деп...