Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
402

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстан экономикасының негізгі индикаторы қазан айынан бері осы деңгейде қалып отыр.

«Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім болжам раундының нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағалауы мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып қабылданды», деп хабарлады

Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Базалық мөлшерлеме көп болған сайын банктегі несие ставкасы да жоғары болады. Ал ол азайғанда кредиттің артық төлемі біршама төмендейді.      

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...