Бестөбе шахтасында екі адам қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
282

Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында тау жыныстарының құлауы салдарынан екі ер адам қаза тапты, деп хабарлады  MadeniPortal.kz

Соққы салдарынан зардап шеккендер оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта қаза тапқандардың жеке басын және оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде.

Аталған факті бойынша Степногорск қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 269-1-бабының 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, күзетілетін нысанға заңсыз кіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі таңда іске қатысты барлық қажетті сараптамалар тағайындалған.

«Аталған факті бойынша Степногорск қаласының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі – «Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, күзетілетін нысанға заңсыз кіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, биыл сәуір айының соңында Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев Қазақстанда заңсыз алтын іздеушілер үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату, тіпті арнайы жауапкершілік түрін енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеген болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...