«ҚазАвтоЖол» Қазақстанның 8 облысындағы тасжолдарда ауа райы күрт нашарлайтыны туралы ақ...
Атырауда жоғалған отбасының туыстары елге үндеу жасады
ашық дереккөзден
Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен отбасының туыстары жұртшылықты жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев желідегі парақшасында видео үндеу жариялап, әлеуметтік желіде тарап жатқан ақша жинау туралы хабарламалардың жалған екенін мәлімдеді.
"Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангельдин ауылында болып жатқан жағдайды естіген шығарсыздар. Қайғыға ортақтасып, көңіл білдіріп жатқан жандарға Алла разы болсын! Мен марқұм Мақсот Қарабалин деген кісінің інісі боламын. Өкінішке қарай, бір келеңсіз жағдайларды естіп жатырмыз. Әлеуметтік желіде "көмек қолын созамын десеңіздер, осындай нөмірге ақша жіберсеңіздер болады" деген секілді ақпараттар тарап жатыр екен. Ол ақпараттың өтірік екенін айту мақсатында сіздерге осындай видео үндеу жолдап жатырмын. Мұндай ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз", – деді Шалқар Мұқанғалиев.