Бүгін, 13 маусым қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Спортшы көзі тірі болғанд...
Павлодарда жол апатынан екі адам мерт болды (ВИДЕО)
видеодан алынған скрин
Павлодар облысында екі адамның өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Полицияның мәліметінше, қайғылы жағдай 11 қазан күні «Омбы–Майқапшағай» тасжолының Қызылқоғам ауылының маңында, шамамен 3 шақырым жерде орын алған.
Алдын ала деректерге сәйкес, «ВАЗ-2110» көлігінің жүргізушісі ауа райының қолайсыздығына байланысты рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Салдарынан ол жүк көлігімен соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмған.
Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жылдамдықты шамадан тыс асырмау, көлік көп жүретін аймақтарда барынша сақ болу және автокөліктің техникалық жағдайын үнемі тексеріп отыру қажеттігін ескертеді.