“Ұлттық киім киген роботтар жүр”: Алматыда Наурыз мейрамы ерекше аталып өтілуде

Фото: Қала әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1875

Алматыда өтіп жатқан Nauryz Almaty Vibe фестивалі ұлттық дәстүрлер мен заманауи технологияларды біріктіріп, ерекше шараларға толы, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Фестивальдің басты жұлдыздары – шапан мен тақия киген гуманоидтық роботтар. Олар жаяу жүргіншілер көшесінде қонақтарды қарсы алып, суретке түсіп, тіпті би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлауда. 

Сонымен қатар келушілер қайта өңделген материалдардан жасалған стационарлық роботтарды, робот-официанттарды, аспазшылар мен баристаларды көре алады. Ақылды машиналар бауырсақ пісіріп, кофе дайындап, тапсырыстарды таратады.

Фестиваль аймағының орталық бөлігі – LED-экрандармен жабдықталған кинетикалық туннель, онда қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен адам бейнелері ауысып тұрады. Қонақтар үшін VR-аттракциондар, садақ ату алаңы, жасанды интеллект фотозоналары және интерактивті “Ой-Думан” шоуы ұйымдастырылған. Виртуалды аватар Ғалымжанкелушілердің сұрақтарына жауап беріп, фестивальдің бағдарламасы туралы ақпарат береді.

Фестиваль 22:00-ге дейін жалғасып, музыкалық топтар мен диджейлердің өнер көрсетуімен аяқталады. 

КИНО

2026 жылы 21 мамырда Астана қаласында Президент Телерадиокешенінің «Хроникадан – болашақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдан Алатау қаласына дейін метро желісін ұзарту әзірге жоспарланып отырған жоқ. Оның орнына бил...