Ұлттық қордың биылғы табысының тең жартысы кәмелетке толмаған балаларға таратылады

Фото: Азаттық рухы

ЖАҢАЛЫҚТАР
1886

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ұлттық қордың биылғы табысын жариялады. Соның тең жартысы 18 жасқа толмаған балаларға таратылады, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап. 

Айта кетсек, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ұлттық қордың таза табысы 5,3 млрд долларды қамтыды. Соның жартысы 2,6-2,7 млрд доллар болады.

Біз орташа соманы аламыз. Содан соң балалардың саны ескеріледі. Бірақ әрбір баланың есепшотына түсетін ақшаның көлемі бұған дейінгі сомадан көп болады, - деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк мамандарының айтуынша, биыл қордың табысы бұған дейінгі кезеңмен салыстырғанда көп болған. Сондықтан келесі жылы қаңтарда 18 жасқа толмаған әрбір баланың есепшотына 100 доллардан артық ақша түседі.

Бүгінде зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігі доллармен жатыр. Сол себепті осы қордың табысы да өседі деген болжам бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...