Ұлттық ұлан офицері адамдарға қару кезенген бұзақыға тойтарыс берді

Фото: ІІМ Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2368

Петропавл қаласында Ұлттық ұлан офицері айналасындағы адамдарға қару кезенген бұзақыға қарсы тұрып, қауіптің алдын алды, деп хабарлайдыmadeniportal.kz.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери қызметші туыстарының үйінен келе жатып қолында тапаншаға ұқсас зат ұстап алып адамдарға сермеп тұрған мас күйдегі кісіні байқаған.

Офицер әлгі адамның қасына дереу жетіп барады. Сол сәтте бұзақы қаруды әскери қызметшіге кезенген. Қоян-қолтық ұрыс әдістерін шебер қолданған капитан жас жігітке тойтарыс беріп, полиция келгенше тырп еткізбей ұстап тұрды, – деп жазылған хабарламада.

Соңында ұландық жауынгер бұзақыны ішкі істер қызмекеткерлерінің қолына тапсырған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...