Оралда қатарласына қоқан-лоққы көрсеткендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1125

Оралда қатарласын соққыға жыққан жасөспірімдердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл ұрып-соғу фактісі былтыр қазан айында болған. Бірақ төбелестің бейнесі енді тарап жатыр. № 17 мектептің оқушылары қоқан-лоққы көрсеткендердің әрекетін бейнежазбаға түсіріп алған.

«Бұл факт өткен жылдың қазан айында болғаны белгілі болды. Ол кезде іске қатысты арыз, шағым түспеген», — дейді облыстық полиция департаменті.

Полиция өкілдері оқушыны ұрып-соққандарды анықтады.  Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жасөспірімдердің ата-анаcы әкімшілік жауапқа тартылды.