«Біз тасада қалып қоямыз»: Мөлдір Әуелбекова тыңдарманына өтініш айтты

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
895

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылық жолы мен гастрольдік туры туралы жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әншінің айтуынша, ол мамандығы бойынша 10 жыл білім алып, үш диплом иеленген. Биыл Мөлдір Әуелбекова сегіз жыл үзілістен кейін кезекті гастрольдік турына шыққан.

«Үлкен сахнаға аяқ басқаныма 22 жыл. Кәсіби әнші болуым үшін 10 жыл білім алдым. 3 дипломым үйде. Биыл, араға 8 жыл салып кезекті турыма шықтым. Бұл менің 4-ші турым. Қыздар турға шыға бермейді. Адам жинау өте қиын. Себебі концертке баратын көбіне қыздар болған соң, ерлерге зал жинау оңайырақ. Біз тасада қалып қоямыз. Сондықтан, қыздар! Бар үмітім сіздерде! Әйелді әйел қолдайтынына сенімдімін. Турдың 1-ші кезеңі сәтті аяқталды! 2-ші кезең қалаларында сіздерді күтемін! Құрметпен Әдемі қыз!» – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...