Түркістан облысында бес адам қаза тапқан жол апатының мән-жайы белгілі болды

КТК арнасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
680

Түркістан облысында адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жеңіл көлік жол жиегіндегі ағашқа соғылып, салдарынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы КТК телеарнасы жазды.

Қайғылы оқиға сенбі күні Еңбекші ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік бұрылыстан шыға алмай, жоғары жылдамдықпен ағашқа соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, көлік қақ айырылған.

Оқиға орнында бес адам көз жұмды. Апаттан аман қалған жалғыз бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұған дейін облыстық полиция жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

Марқұмдардың көршілерінің айтуынша, қаза тапқандардың барлығы бір әулеттің мүшелері.

«Қаза болған балалардың бәрі бір отбасының балалары. Біз олардың үйіне барып, көңіл айттық», – деді көршісі Бейсенкүл Күдериева.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...