«Жараланғандар бар»: Жамбыл облысында көшеде атыс болған

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1085

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында оқ тиіп жараланған 4 адам ауруханаға түсті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы BAQ.KZ жазды.

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

29 шілде күні шамамен сағат 21:30-да Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында 4 адам аудандық ауруханаға оқ жарақатымен жеткізілді, – делінген полиция хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша ("Адам өлтіруге оқталу, екі немесе одан да көп адамға қатысты, адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, бұзақылық ниетпен жасалған") қылмыстық іс қозғалды, – деп түсіндірді ведомстводан.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді, – деп қосты баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...