Қаржаубай Нұрымовтың отбасына қысым көрсеткен дәрігер сотқа тартылды

Мейірман Шекеевтің Instagram-парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2550

Қаржаубай Нұрымовтың отбасына жүйелі түрде қысым көрсетіп, тыныштығын бұзған азамат заң алдында жауап береді. Ол әлеуметтік желілерде "Доктор" деген лақап атпен танылған. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

 

Адвокаттың айтуынша, “Доктор” лақап атымен танылған азамат Қаржаубай Нұрымовтың отбасын ұзақ уақыт бойы аңдып, түрлі арандатушылық әрекеттер жасаған. Сот отырысында адвокат Мейірман Шекеев бірнеше нақты талап қойды.

– Жауапкер Әбдірахман Бауыржанды сот шешімі заңды күшіне енген соң бес күн ішінде TikTok әлеуметтік желісінде Қаржаубай Полатұлынан ресми түрде кешірім сұрап, теріске шығаруды және бұл кешірім видеосын өз парақшаларында – maskarad778 және басқа да аккаунттарында кемінде 30 күн бойы ашық жариялап қоюға міндеттеуді сұраймыз, – деді адвокат.

Судья сотта жауапкерден кінәсін мойындайтынын не мойындамайтынын нақтылауды сұрағанда, Әбдірахман Бауыржан:

– Айтқанымды мойындаймын, – деп жауап берді.

Одан кейін судья тараптарды медиация жолымен татуласуға бола ма деп сұраған сәтте, адвокат қарсы тараптан тікелей сұрақ қойды:

– Қаржаубайдың отбасын не себепті аңдып жүрсіз? – деген сұраққа жауапкер былай деп түсініктеме берді:

– Қазақстан азаматы, қазақ болған соң, ол жерде болған істі көріп, ашуланып, соның бәрін істедім. (...) Бұл – менің азаматтық позициям. Мен оны батыр қылуға жол бермеймін, – деді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында екінші атом электр станциясының құрылыс ауданын талқылауғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Парламент...