Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап...
«Үш адам қаза тапты, 100 адам жараланды»: Шымкентте концерттен кейін жалған ақпарат таратқан әйел сотқа тартылды
коллаж
Шымкентте танымал әнші Қайрат Нұртастың концертіне қатысты әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Шымкент қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, әйел концерт барысында болған жағдайға қатысты шындыққа жанаспайтын ақпарат жариялаған. Бұл жазба тұрғындар арасында негізсіз алаңдаушылық туғызған.
Құқық қорғау органдары жүргізген тексеру нәтижесінде ақпарат таратқан азаматшаның жеке басы анықталған.
«Әйелге қатысты тиісті материалдар жинақталып, заңда белгіленген тәртіппен қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.
Ведомство тұрғындарды әлеуметтік желілерде жарияланатын ақпараттың шынайылығын тексеруге және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.
Сондай-ақ полиция көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Айта кетейік, әйелдің нақты қандай ақпарат таратқаны және оған қатысты соттың қандай шешім қабылдағаны әзірге хабарланған жоқ.