Екібастұзда сегіз айлық баласына тамақ бермей, аштан қатырған әйел сотталды, деп хабарлайды madenipo...
Қазақстанда бір мектепте 42 бірінші сынып ашылған (ВИДЕО)
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде 1 қыркүйекке байланысты ерекше түсірілген бейнероликті қызу талқылауда, деп хабарлады Мadeniportal.kz POLITICO.KZ-ке сілтеме жасап.
Кадрларда ата-аналар күтпеген жағдайға тап болған: бір мектепте бірден 42 алғашқы сынып қабылданып, олар қазақ әліпбиінің «А»-дан «Я»-ға дейінгі әріптерімен белгіленген.
Таралған бейнежазбаларға қарағанда, мұндай көрініс тек бір білім ордасында ғана емес, елдің бірнеше өңірінде байқалған.
Желі қолданушылары әзілдеп бұл құбылысты «карантин балалары» деп атап жүр. Шын мәнінде биылғы бірінші сыныпқа барғандар — 2018–2019 жылдары дүниеге келген балалар.
Айта кетейік, Қазақстанда карантин 2020 жылдың көктемінде енгізілген болатын. Демек, ол кезеңде туғандар мектепке тек 2026–2027 жылдары барады.
Бұл жағдай қоғамда түрлі пікір тудырды: біреулер халық санының артып жатқанына қуанып жатса, екіншілері мектептердегі орын тапшылығы мен ұстаздарға түсетін жүктемеге алаңдаулы.
@zara.danaeva5 ♬ оригинальный звук - Zara
Желіде: «42 сынып деген не сұмдық?», «Қазақ көбейсін», «Бастысы қазақ сыныптарына барса болғаны», — деген секілді пікірлер қалдырылды.
@nura.ledi1 #первыйкласс🔔 #Астана ♬ оригинальный звук - nura.ledi1