"Үш жылда үш бала": Дина Төреәлі тағы да жүкті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1635

Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер әрі кәсіпкер Дина Төреәлі үшінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлады, деп жазады MADENIPORTAL.KZ.

«Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұр. Бақыт үш есе артты. Шүкір», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты әртүрлі қабылдады. Бірі қуанышына ортақтасып, денсаулық тіледі. Ал енді бір бөлігі «үш жылда үш баланы дүниеге әкелу – үлкен батылдық» екенін атап өтті.

Төреғалидің үлкен қарындасы Фариза Төреәлі де қуанышын жасырмай, бауырына ізгі тілегін жеткізді:

«Раббым дені сау, саналы, салихалы ұрпақ нәсіп етсін. Диконым үшін дұға етіп қойыңыздар».

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында 16 жастағы қызды буындырып өлтірген ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Бүгін бірнеше лауазымға жаңа ба...