Стивен Хокинг және оның мұрасы

Жаңалықтар
2328

2018 жылы 76 жасында қайтыс болған әйгілі физик Стивен Хокингтің мұрасы келесі жылдан бастап Ұлыбритания астанасындағы Лондон ғылыми музейінде көрмеге қойылатын болады. 

Хокингтің мұрагерлері мұндай шешімге Кембридж университетінің кітапханасы мен Лондондағы Science Museum Group және Ұлыбритания үкіметімен бірге жасаған келісімнен кейін келіп отыр. Келісім бойынша профессор Хокингтің маңызды ғылыми және жеке мақалалар жинағы Кембридж университетінің кітапханасына беріліп, ғалымның Кембридж университетіндегі қолданбалы математика және теориялық физика кафедрасындағы кеңсесінің мазмұны Лондон ғылым музейінің коллекцияларына енгізілді.

Хокингтің мұрағатында оның 1944-2008 жылдардағы хат-хабарлары, «Уақыттың қысқаша тарихының» атты шығармасының алғашқы нұсқасы сынды өте маңызды құжаттар сақталған. Мұнымен бірге физиктің әйгілі Симпсондар анимациялық сериясындағы келбетін көрсететін фигурасы және бар.

Мұражай қорында сақталған Хокингтің заттары қатарына, оның жүріп-тұруына көмек берген мүгедек арбасы, жеке анықтамалық кітапханасы, саусақ ізімен қол қойған ғылыми зерттеулері, докторлық диссертациясы, медальдары мен ерекше өмірінен естеліктер жатады.

Ян Блатчфорд, Ғылым мұражайының директоры: «Стивен Хокингтің кеңсесін және оның тарихи мазмұнын сақтау арқылы біз болашақ ұрпаққа әлемнің жетекші теориялық физиктерінің болмысын түсінуге мүмкіндік береміз. Профессор Хокинг физика заңдарын қайта жазып шығу үшін һәм миллиондаған адамдардың сөнген үмітін қайта жағу мақсатында медицина заңдарына қарсы шықты. Ал екнді осы бір ғаламат мұралар, тағы бір болашақ "профессор Хокингті" қоршаған әлем туралы ойлауға шабыттандыруы мүмкін» деді.

Кембридж Университетінің архивінде «Уақыттың қысқаша тарихы» еңбегінің алғашқы нұсқасы, Хокингтің 1944 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі хаттары, кино және теледидар сценарийлері, сондай-ақ еңбек жолының алғашқы күндерінен бастап қол қойылған ғылыми қолжазбалар бар. Сонымен қатар, оның Рим Папаларымен, АҚШ президенттерімен және дәуірдің жетекші ғалымдарымен, оның ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары Кип Торн мен Роджер Пенроузбен қалай байланысқанын көрсететін фотосуреттердің, құжаттардың және корреспонденциялардың үлкен коллекциясы университет архивіне енеді.

Айта кетерлігі, Кембридж университеті Хокингтің 10 000 беттік архивін сатып алуы, әйгілі физиктің құжаттары Исаак Ньютон мен Чарльз Дарвиннің еңбектеріне қосылатындығын білдіреді. Яғни, Кембридж университетінің кітапханасы әлемді өзгерткен үш ғалымның жұмысын бір шаңырақ астында біріктіреді.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...