"Зорламақ болды": Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Фото: ulysmedia

ЖАҢАЛЫҚТАР
1903

Қарағанды облысында Шет ауданына қарасты Ақшатау ауылының әкімі Нұрлан Сейілбеков қамауға алынды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

23 жастағы қыз өзін шенеунік зорлауға оқталды деп айыптады. Оның анасының үндеуін қарағандылық белсендісі Айнұр Балакешова парақшасында жариялады.

– 3 мамыр күні, қызым Ақшатау ауылында болған кезде келінім қоңырау шалды. Ол Айтолқынды ауыл әкімі Нұрлан соққыға жыққанын айтты. Кейін белгілі болғандай, қызым бауырына хабарласып, көмек сұраған, – дейді жәбірленушінің анасы.

Ulysmedia.kz Қарағанды облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Ведомство ауыл әкіміне қатысты зорлауға оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

– Шет ауданының 23 жастағы тұрғынының арызы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Сол күні-ақ күдіктіні полиция ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сот санкциясымен оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қадағалаушы орган сот алқасына жеке апелляциялық өтініш білдірді. Қарау нәтижесінде өтініш қанағаттандырылып, күдікті қамауға алынатын болды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, – делінген хабарламада.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Нұрлан Сейілбеков қазіргі уақытта қызметінен босатылған. Алайда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында ол әлі де ауыл әкімі ретінде көрсетіліп тұр.

– Қылмыстық іс қозғалған сәтте ол ауыл әкімі қызметін атқармаған, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...