Ұшақ апатынан бір отбасының 9 адамы мерт болды

Фото: Yonhap агенттігі

Жаңалықтар
1149

Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта бір отбасныың 9 мүшесі болған, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Бангкоктан оралған Jeju Air Boeing 737-800 бортындағы 175 жолаушының қатарында бір отбасының 9 мүшесі болды. Олар 80 жастағы туысының мерей тойын тойлауға барғаны анықталды. 80 жастағы жергілікті тұрғынның өзі де апат болған ұшақта болған. Ұшақ апатынан қаза болған 179 адамның ішінде ең қарт кісі осы адам болған. Оның жынысы нақтыланбады. Бүтін бір отбасы мерей тойды тойлау үшін Тайландқа барған.

Еске салайық, бүгін, 29 желтоқсанда Бангкоктан Оңтүстік Кореяның Муан қаласына ұшқан Jeju Air Boeing 737-800 ұшағы Муан әуежайына қону кезінде апатқа ұшырағанын хабарлаған едік. Ұшақ апаты жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:07-де болған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан асып түсіп, қоршауға соғылып, өрт шықты.

Бортта 181 адам болған. Олардың екеуі аман қалды - олар ұшақ экипажы мүшелері болып шықты, бір әйел және бір ер адам. Олар орташа және ауыр жарақат алып, ауруханаларға жеткізілді. Жергілікті биліктің алдын ала мәліметі бойынша, ұшақтағы жолаушылар арасында қазақстандықтар болмады.