Ұшақ апатынан борттағы бар адам ажал құшты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1846

Сомалидің астанасы Могадишодағы Аден-Адде халықаралық әуежайында әскери тікұшақ қону кезінде апатқа ұшырады. Бортта сегіз адам болған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Алғашқы мәлімет бойынша, үш адам қаза тапқан. Тікұшақ Африка одағының Сомалидегі тұрақтандыру миссиясына (AUSSOM) тиесілі болған.

Somali Guardian порталының мәліметінше, апатқа ұшыраған Ми-24 тікұшағы АҚШ бақылауындағы Балидогл әскери базасынан ұшып шыққан. Бұл база дрондар арқылы операцияларды басқаратын аймақ ретінде белгілі. Тікұшақ бұрын Уганда ӘӘК құрамында болған.

SONNA агенттігі өрттің сөндірілгенін, әуежайдың қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын, билік орындарының оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қобда ауылында үйлердің бірінен өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қайғылы оқиға болып, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатынан құлаған, деп хабарлайды Made...