Үсік жүреді: 16 қазан қай өңірлерде қатты суық сезіледі?

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1117

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы бейсенбі, 2025 жылғы 16 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. 

Болжамға сәйкес түнде үсік жүреді деп күтіледі:

Жетісу облысында сынап бағаны 4-9 градус суықты, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетеді. "Алдағы тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды.

Антициклон Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын анықтайды, ал батыста, еліміздің солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында, шығысында тұман болады деп болжайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...